АКЦИЯҒА АЛАҢДА АТСАЛЫСТЫ

Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында және нашақорлыққа жол жоқ ұранымен шағын футболдан 2014-2015 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өткізілді. 
Біріншілікке 10 командадан (Ойыл БЖСМ, Ақшатау ОМ, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы, Жамбыл ОМ, Саралжын ОМ, Ойыл қазақ орта мектебі, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл ҚОМ, Амангелді ОМ, Көсембай НМ, Құрман ОМ) 100 ге жуық жас спортшылар қатынасты.
А мен Б тобына бөлінген спортшылар өзара мықтыны анықтап, ақтық кезеңде Амангелді ОМ, Көсембай НМ, Ақшатау ОМ және Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясы спортшылары кездесіп, жеңіс тұғырынан көріну үшін тартысты ойын өткізді. Біріншіліктің үшінші орнына ақтық кезеңде Көсембай орта мектебі командасын жеңген Ақшатау орта мектебі командасы жайғасса, жүлделі екінші орынмен Амангелді орта мектебі командасы марапатталды. Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясы командасы біріншіліктің жеңімпаздары атағына ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мақтау қағаздары және медальдарымен марапатталды.



