Басты тақырып

ЖАҢА КӨПІРДІҢ ТАСТАМАЛАРЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Ойыл селосына кіреберістегі көпірді салып жатқан мердігер «Теңізстройсервис» ЖШС-і Жаңа жыл қарсаңында ойылдықтардың күдігінен үмітін күшейтті. Яғни, өткен сенбі күні көпірдің алғашқы тастамасы салынды.

Аудан халқының көкейіндегі ең басты сұрақ – көпір қашан аяқталады? Әрине, ауызға оңай болғанымен қателікке жол беруге болмайтын құрылыста асығуға да болмайды! Сондықтан, анық басқан қадамның ақыры – алдағы уақыттағы қауіпсіз қозғалыстың кепілі. Қазіргі таңда көпір құрылысының барысында соңғы тіреулерін құю жұмыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар, тастамаларын төсеу жұмыстары жүргізіле береді.
Бір тастаманың ұзындығы 33 метр. Бүгінгі күні оның 8-і қойылды.
Қазіргі таңда көпір құрылысында әртүрлі 25 техника жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ, осы жұмыстарға 90 жұмысшы тартылған болса, оның 60-ы ойылдықтар. Демек, «Елде болса, ерінге тиеді» — деген осы.
Қазақ халқының ұғымында үш сауапты іс бар. Яғни, шөлде құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен. Сондықтан, ойылдықтар да осындай сауапты істің біріне атсалысып, біздің аудан үшін тарихи құрылысқа қолтаңбаларын қалдырып жатыр.

Related Articles

Back to top button