Басты тақырып

ҚАРАСУЛЫҚТАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ

Көптоғай ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылында көптен күткен маңызды әлеуметтік нысан – орталықтандырылған ауыз су жүйесі ресми түрде пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған бұл игі шара өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Аталған нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қазыбаев арнайы барып, ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы ауыз сумен қамтамасыз ету – халықтың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығы үшін аса маңызды мәселе екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан ауылдарды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатынын жеткізді.
Жаңа су жүйесінің іске қосылуы нәтижесінде ауыл халқы енді сапалы әрі таза ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз етілетін болады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартып қана қоймай, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына да оң әсерін тигізеді.Өз кезегінде ауыл тұрғындары көрсетілген қолдау мен атқарылған жұмыстар үшін аудан басшылығына және жауапты мекемелерге шынайы ризашылықтарын білдірді. Олар ауыз су мәселесінің шешілуі ауыл халқы үшін үлкен қуаныш әрі көптен күткен игілік екенін атап өтті.Қарасу ауылына ауыз су жүйесінің пайдалануға берілуі – елді мекендерді дамытуға, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты істердің айқын көрінісі. Бұл бастама ауыл өміріне тың серпін беріп, болашақта өңірдің тұрақты дамуына негіз болмақ.

Related Articles

Back to top button