Экономика

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ХАЛЫҚТЫҢ ТАҒДЫРШЕШТІ ШЕШІМДЕР АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ

Ұлттық Құрылтай халықтың тағдыршешті шешімдер алаңына айналды. Тіпті Ұлттық Құрылтайдың маңызы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауынан кем түсіп тұрған жоқ. Осы алаңда еліміздің әр өңірінен келген азаматтар ойларын ортаға салып, бір шешімге келуді мақсат етеді. Қысқасы, Ұлттық Құрылтай елдік мәселелерді көтеретін платформаға айналды. Ал, Парламент Құрылтайдың мәртебесін арттыруда заң нормаларымен қолдап келеді. Бұл Құрылтай мен Парламент арасындағы байланыстың нығайғанын және халықтың ұсыныстарының ескеріліп жатқанын көрсетеді.
Енді Мемлекет басшысының 5-ші Құрылтайда елімізде жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалардың барысы туралы айтқан кейбір ұсыныстарына тоқталайық. Мәселен, Парламенттік реформаға сәйкес Мемлекет басшысы жаңа құрылатын бірпалаталық Парламентке «Құрылтай» атауын беру жөнінде ұсыныс білдірді. «Қысқаша айтқанда, «Құрылтай» деген атауды беру керек деп сенемін. Азаматтарымыз осы мәселеге қатысты өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын жолдады. Жұмыс тобы келіп түскен ұсыныстарды зерделеп, барлық жағынан қарастырды. Өте маңызды жұмыс атқарылды. Бұл бағыттағы шаруаның бәрін өзім тікелей бақылауда ұстадым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сөзінше, былтыр қазан айының ортасында жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен, ал жаңа жылдан бері жұмыс тобының мүшелері үш рет бас қосқан. Мемлекет басшысы «Құрылтай» атауының тарихи аясы мен мағынасы халқымызға түсінікті әрі жақын екенін атап өтті.
Амангүл Пангереева
Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі бас маманы

Related Articles

Back to top button