Экономика

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАДАМ

Конституция – мемлекеттің ғана емес, бүкіл халықтың ортақ келісімі. Жаңа Конституция жобасы осы қағиданы негізге ала отырып жасалған.
Онда азаматтардың пікірін ескеру, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету көзделген. Мемлекет халық алдындағы жауапкершілігін арттырады.
Бұл өзгерістер Қазақстанның болашағына оң әсер етеді.
Жаңа Конституция жобасы Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде дамытуға бағытталған. Заң үстемдігі мен сот жүйесінің тәуелсіздігіне ерекше назар аударылған.
Әрбір азаматтың құқығы қорғалып, мемлекет заңға бағынуы тиіс деген ұстаным күшейтіледі. Бұл қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етеді.
Сондықтан Конституция жобасы ел дамуы үшін маңызды рөл атқарады.
Конституция жобасының негізгі новеллаларының ішінде мыналарды атап өтуге болады:
— 145 депутаттан тұратын және жаңа, кеңейтілген өкілеттіктерге ие бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтай құрылады. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады, ал депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.
Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

– Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады.
– Вице-президент институтын құру. Ол ҚР Президентінің атынан Қазақстан мен шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.
– Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі.
– Зияткерлік меншік құқығын қорғау қамтамасыз етіледі.
– Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдарға, сол құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқа тартуға жол бермеуге тыйым салуды және кінәсіздік презумпциясы қағидаттарына, қоса алғанда, азаматтардың құқықтарына кепілдік күшейтіледі.
– «Миранда ережесі» бекітіледі.
Жалпы, Конституцияның жаңа редакциясының алғашқы жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекітілу ұсынылады.

М.Айдарбаев — Ойыл ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісі

Related Articles

Back to top button