Экономика

Жаңа Конституция жобасы – Қазақстанның жаңару жолындағы маңызды қадамы

Конституция – кез келген мемлекеттің саяси, құқықтық және әлеуметтік негізін айқындайтын басты құжат. Ол ел дамуының бағытын белгілеп қана қоймай, азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың негізін қалыптастырады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда ұсынылған жаңа Конституция жобасы елдің дамуындағы аса маңызды әрі тарихи қадам болып табылады.
Қазіргі заманда қоғам үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Экономикалық, саяси және әлеуметтік салалардағы өзгерістер мемлекеттің негізгі заңына да әсер етеді. Жаңа Конституция жобасы осы талаптарға жауап ретінде жасалып, елдің даму деңгейін жаңа сатыға көтеруді көздейді. Бұл құжатта халықтың еркі, қоғамның сұранысы және әділетті мемлекет құру идеясы айқын көрініс тапқан.
Рысбаева Балкия
Қоғам белсендісі

Related Articles

Back to top button