Экономика

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Конституция – мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегін құрайтын, қоғам дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын басты нормативтік-құқықтық акт. Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы елдің қазіргі әлеуметтік-саяси даму деңгейіне сай мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және құқықтық мемлекетті қалыптастыруды тереңдетуге бағытталған маңызды реформалық құжат болып табылады.
Жаһандану жағдайында мемлекеттер үшін саяси институттарды жаңғырту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту өзекті мәселе болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасы Қазақстан қоғамында қалыптасқан сұраныстар мен әлеуметтік өзгерістерге жауап береді. Ол халықтың саяси белсенділігін арттыруға, азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейтуге және басқару процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ешпагова Назгул Қайроллақызы
Ойыл аудандық мәслихат депутаты

Related Articles

Back to top button