Экономика

Референдум – халық еркінінің айғағы

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойылуы – елдің саяси өміріндегі маңызды белес. Бұл шешім мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогтың көрінісі болып табылады. Референдум – халық билігінің нақты көрінісі, себебі онда әр азамат өз дауысы арқылы ел тағдырына ықпал етеді.

Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы тек экономикалық жетістіктермен ғана емес, демократиялық құндылықтардың беріктігімен де өлшенеді. Референдум өткізу – осы құндылықтардың сақталып, нығая түскенін көрсетеді. Жарлықтың қабылдануы халықтың пікірін ескеруге деген ұмтылысты айқындайды. Бұл – қоғамның саяси мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің артуына ықпал ететін маңызды қадам.
Баеділов Наурызбек
Сми маман

Related Articles

Back to top button