Референдум
15 наурыздағы референдум – халық үні мен тарихи жауапкершілік

15 наурызда өтетін референдум – ел өміріндегі маңызды саяси оқиға. Референдум – бұл тек заңдық рәсім емес, ол халықтың тікелей еркін білдіру тетігі. Осындай жалпыхалықтық дауыс беру арқылы азаматтар мемлекет дамуының бағытын айқындауға қатысады. Бұл – демократияның ең айқын көрінісі.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан саяси жаңғыру мен реформалар жолынан өтті. Әсіресе 2022 жылғы конституциялық өзгерістер елдің саяси жүйесіне жаңа серпін берді. Бұл тәжірибе халықтың белсенділігі мен жауапкершілігінің маңызын көрсетті. Ал 15 наурыздағы референдум – сол реформалардың жалғасы, қоғам сұранысына жауап беретін маңызды қадам.
Бақтыгереев Болат
Ойыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



