«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Ойыл аудандық коалиция мүшелері – Молдашқали Қазмұханов пен Роза Ұлықпанова бүгін аудан орталығындағы «Керуен-Сарай» сауда орталығында «Экспромт-кездесу» форматында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу еркін әрі ашық форматта ұйымдастырылып, сауда орталығына келген тұрғындармен тікелей пікір алмасу мүмкіндігі жасалды. Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріп, реформаның ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Билік тармақтарының тепе-теңдігі, заң үстемдігін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері үшін маңызды нормаларға ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлік еркіндігі, жеке меншікке қол сұғылмаушылық, адал бәсекелестік қағидаттарын нығайту және мемлекеттік органдардың бизнес алдындағы жауапкершілігін арттыру жөніндегі өзгерістер түсіндірілді. Бұл бағыттар аудан орталығындағы кәсіпкерлер мен қызмет көрсету саласы өкілдері үшін өзекті екені белгілі.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. «Экспромт-кездесу» форматы халықпен тікелей әрі бейресми диалог орнатуға мүмкіндік берді. Мұндай ашық форматтағы кездесулер конституциялық реформаның мазмұнын кең аудиторияға жеткізуге және азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Коалиция мүшелері алдағы уақытта да осындай форматтағы түсіндіру жұмыстарын жалғастыра бермек.
#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз







