Жаңа Конституцияның қабылдануы – дамуға берілген жаңа мүмкіндік

Мемлекеттің стратегиялық бағытын айқындайтын басты құжат – Конституция. Қазақстан Республикасының Конституциясы елдегі құқықтық тәртіптің, саяси тұрақтылықтың және азаматтық келісімнің негізі болып саналады. Сондықтан жаңа Конституцияның қабылдануы немесе ауқымды жаңғыруы – қоғам дамуының жаңа кезеңіне бастайтын тарихи қадам.
Құқықтық мемлекетті нығайту
Жаңа Конституция ең алдымен заң үстемдігін күшейтуге бағытталады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақтылай отырып, олардың қорғалу тетіктерін жетілдіреді. Бұл сот жүйесінің тәуелсіздігін арттыруға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейтуге және әділ басқару қағидаттарын орнықтыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде халықтың мемлекетке деген сенімі нығаяды.
Ойылханова Балайым
Бастауыш сынып мұғалімі



