Референдум
Ұлттық бірлік пен тұрақтылық

Конституция – қоғамды біріктіретін құндылықтар жиынтығы. Жаңа Ата Заң қабылданған жағдайда елдің тұтастығы, қоғамдық келісім мен өзара құрмет қағидаттары нығая түседі. Ортақ мақсатқа ұмтылған қоғам ғана тұрақты әрі табысты мемлекет құра алады.
Жаңа Конституцияның қабылдануы – жай ғана құқықтық өзгеріс емес, ол – елдің болашағына бағытталған стратегиялық таңдау. Бұл қадам саяси тұрақтылықты сақтай отырып, экономикалық өрлеуге, әлеуметтік әділеттілікке және азаматтық белсенділікке жол ашады. Демек, жаңа Конституция – дамуға берілген жаңа мүмкіндік әрі берік болашақтың кепілі.
Пангереев Әсет
Мәдениет қызметкері


