ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

320 ОТБАСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛІП,БАСПАНАЛАРЫН ЖӨНДЕУГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

ОЙЫЛ АУДАНЫНДА ҚАРАТАЛ, ЕКПЕТАЛ АУЫЛДАРЫ КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕКТІ. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮЙЛЕРІ СУҒА КЕТІП, КЕЙБІР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮЙІ ТҰРУҒА ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫЛДЫ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН ОЙЫЛ АУДАНЫНДА БҮГІНДЕ ЖАҢА ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жалпы Берсиев ауылдық округінде 234 үй бар. Оның 18-і қайта жөндеуге жарамды деп танылса, қалғандарының орнына жаңа үйлер салынады немесе дайын үйлер сатып алынады. Бүгінгі күні Екпетал
ауылы және Қаратал ауылының тұрғындарына өз келісімдері негізінде аудан орталығында жасақталған жерден жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп жатыр. Қазіргі таңда 93 отбасы өзара шартқа қол қойып,тұрғын үйлі болды. Солардың бірі, қараталдық Назгүл Өтенова аудан орталығынан жаңа қонысқа ие болды. Жарамсыз болып қалған үйі 14 млн теңгеге бағаланған. Таңдауы түскен тұрғын үй — аудан орталығында аурухана, мектеп, саябақ жанында орналасқан. Өзінің және отбасының көңілінен шығып, баспаналы болғаны үшін өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Айта кетейік, тасқыннан зардап шеккен 350 отбасыға 129 млн 220 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем толық төленді. Сондай-ақ, материалдық шығын және баспанасын жөндеуге қаржыны 320 отбасы алды. Жалпы аудан көлемінде көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау шаралары жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар