Референдум
Ата Заң жобасын қолдау – берекелі болашақтың бастауы

Ата Заң – мемлекеттің негізгі тірегі, құқықтық жүйенің өзегі және қоғамдық қатынастарды реттейтін басты құжат. Сондықтан Ата Заң жобасын қолдау ең алдымен елдегі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталады. Тұрақтылық бар жерде даму бар, ал даму бар жерде халықтың әл-ауқаты артады.
Қоғамдағы тұрақтылық – бұл азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімі. Егер елде нақты әрі әділ заңдар жұмыс істесе, әр адам өз құқығының қорғалатынына көз жеткізеді. Ата Заң жобасын қолдау арқылы халық мемлекет басқару ісіне бейжай қарамайтынын көрсетеді. Бұл – демократиялық қоғамның айқын көрінісі.
Ақнұр Абатқызы
Белсенді жас



