Референдум

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Ойыл аудандық коалициясының мүшелері Еркін Жиеналин мен Жангүл Ізғарина Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясында ұстаздар ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері Ата Заңның қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілік теңгерімін қалыптастыру секілді маңызды бағыттарға тоқталды. Сондай-ақ білім беру саласына қатысты нормалардың маңызы, жас ұрпақтың сапалы білім алуына және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған бастамалар туралы кеңінен әңгіме өрбіді.

Ұстаздар қауымы да ел болашағына қатысты маңызды құжат төңірегінде өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының мазмұны жан-жақты талқыланып, педагогтер тарапынан оң көзқарастар айтылды.

Мұндай кездесулер қоғамдағы түрлі саланың өкілдерімен тікелей диалог орнатуға, азаматтардың саяси-құқықтық сауаттылығын арттыруға және ел дамуына бағытталған маңызды бастамаларды кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді.

Related Articles

Back to top button