Референдум
«Есіктен — есікке» — ең тиімді тәсіл

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Ойыл аудандық коалициясы республикалық референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Осы бағыттағы жұмыстардың бірі тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға арналған «Есіктен есікке» акциясы.
Акция аясында коалиция мүшелері аудан тұрғындарының үйлерін аралап, ел үшін маңызды саяси науқан — алдағы республикалық референдумның мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді.
Кездесулер барысында тұрғындарға ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғам дамуына ықпалы мен басымдықтары жөнінде жан-жақты мәліметтер берді. Сонымен қатар, азаматтардың ұсыныс-пікірлеріне назар аударып, арнайы дайындалған ақпараттық парақшалар таратты.





