Мәдениет

КІТАПХАНАШЫЛАР МЕРЕКЕСІНДЕ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай облыстық халық шығармашылығы орталығында «Зияткерлік даму және оқу мәдениеті: жаңа көзқарастар» тақырыбында облыстық форум ұйымдастырылды. Мерекелік шарада Ойыл аудандық орталық кітапхананың бірқатар мамандары марапатқа ие болды.
Кітапхана ісінің өркендеуіне қосқан елеулі еңбегі үшін Салтанат Рзина «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісі табысталды. Бұл марапат – салаға сіңірген қажырлы еңбектің жоғары бағасы. Мерекелік жиында Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы тарапынан Анар Мауленова да марапатталды.
Сонымен қатар, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры С.М.Хакимованың Алғыс хатымен Ақгүл Әбілова мен Гүлдаурен Аблашева наградталды. Шара барысында кітапханашылардың қоғамдағы рухани құндылықтарды насихаттаудағы рөлі ерекше аталып өтіп, олардың еңбегіне алғыс білдірілді.

Related Articles

Back to top button