«TAZA QAZAQSTAN» ЖАЛПЫҮЛТТЫҚ ЖОБАСЫ МӘСЛИХАТ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ НАЗАРЫНДА

Өткен аптада Ойыл ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды шара өтті. Аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин мен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Арыстанов бастаған депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері «Taza Qazaqstan» жалпыұлттық жобасы аясында бірқатар мекемелерге мониторинг жүргізді.
Тексеру барысында мемлекеттік мекемелердің аумақтарының санитарлық тазалығы, абаттандырылуы және жасыл желектердің отырғызылу деңгейі қаралып, нақты ұсыныстар берілді. Бұл жұмыстар – қоршаған ортаны қорғау мен ауданның көркеюіне бағытталған жүйелі бастаманың бір бөлігі.
«Taza Qazaqstan» жобасының басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықты арттыру және қолайлы өмір сүру ортасын құру. Жоба аясында тазалықты сақтау, елді мекендерді көркейту, ағаш отырғызу және экологиялық сауаттылықты арттыру бағытында жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады. Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған маңызды қадам.



