Денсаулық

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Ақтөбе облысында МӘМС жүйесімен қамтуды арттыру жұмыстары жалғасуда

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен халықты қамтуды кеңейту жұмыстарын жалғастыруда.

Өңірде сақтандырылған азаматтардың үлесін арттыру, сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтардың себептерін анықтау және оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдау мақсатында өңірлік және аудандық штабтардың қызметі ұйымдастырылған.

2026 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында сақтандырылмаған азаматтар саны 108 803 адамды құрайды. Сонымен қатар бұл көрсеткіштің өсуі байқалады: ағымдағы жылдың 6 сәуірімен салыстырғанда сақтандырылмаған тіркелген тұлғалар саны 4 562 адамға немесе 4,4%-ға артқан.

Сақтандырылмаған азаматтар санының ең жоғары өсімі Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Хромтау және Шалқар аудандарында тіркелген.

Қорда атап өткендей, МӘМС жүйесімен қамтуды арттыру жұмыстары барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарта отырып жүйелі түрде жалғасады. Сондай-ақ халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары туралы ақпараттандыруға және азаматтардың медициналық қызметтерге толық қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

Related Articles

Back to top button