Әкімдік

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА БЮДЖЕТ ПЕН САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ҚАРАЛДЫ

 

Кеше аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдиннің төрағалығымен Ойыл аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті мекеме басшылары қатысты. Сонымен қатар ауылдық округтерден сайланған депутаттар мен ауылдық округ әкімдері Zoom платформасы арқылы онлайн форматта байланысқа шығып, отырысқа қашықтан қатысты. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер күн тәртібіне шығарылды. Атап айтқанда, Ойыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №294 «2026–2028 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Бұл бағытта аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Болатбек Әділханов тиісті хабарлама жасап, бюджет параметрлерін нақтылау және бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107 «Ойыл ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі де күн тәртібінде қаралды. Аталған мәселе бойынша аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Алмат Мусин баяндама жасап, комиссия құрамына енгізілетін өзгерістердің құқықтық негіздерін түсіндірді. Сессия барысында депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, оларды жүзеге асыру бағыттары нақтыланды. Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша қабылданған шешімдерге қорытындыны аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы жасап, олардың ауданның дамуына және жергілікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Back to top button