ӘкімдікБасты тақырып
Мерейлі міндеттің мерекесі
«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына сәйкес 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілгені белгілі. Сонымен қатар, 23маусым - Қазақстан Республикасының Полиция күні. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңы еліміздің полиция қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін, ұйымдық құрылымын реттеп, нәтижесінде оның қоғам мен мемлекеттегі орны мен рөлін айқындап берді.
Бұл кәсіби мерекенің басты мақсаты – мемлекеттік қызмет беделін нығайтуға септігін тигізу және мемлекеттік аппараттың кәсібилігінің басты ұстанымы ретінде халыққа қызмет етуді дәріптеу.
Елбасы мемлекеттік қызметшілер елімізді дамытуға зор үлес қосқанын атап өтіп, ауқымды реформаларды іске асыруда мемлекеттік аппараттың маңызды рөл атқаратынына назар аударды. Қазіргі мемлекеттік қызметкерлердің негізгі және басты белгілері – бар ынтасымен және бар жауапкершілігімен халыққа, мемлекетке қызмет ету. Мемлекеттік қызметші атану, адамның жан-жақты білімді, жауапкершілігі мол және білікті, әрі кәсіби маман болуын талап етеді.
Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның алғашқы тарауы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құруға», яғни 15 қадамы осы мемлекеттік қызметке қатысты айтылады. Осы қадамдар арқылы Қазақстанның барлық аумағындағы әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер халыққа сапалы қызмет көрсетулері тиіс. Ел үшін еңбек ету зор құрмет, абыройлы міндет. Халық үшін маңдай терін төгіп, адал еңбегімен ел аузына ілігіп жүрген қарапайым, ізетті, мейірімді мемлекеттік қызметшілердің мерекесі аталып өткені орынды, әрі осы сала қызметкерлерінің абырой, беделін арттыра түсетіні сөзсіз.
Мерекелік шараға келер болсақ, сахна шымылдығы аудандағы жас мемлекеттік қызметшілердің хорымен ашылды.
Әріптестерін төл мерекелерімен құттықтаған аудан әкімі Дастан Сағыров алдымен осы саланың ардагерлерін марапаттады. Сонымен қатар, биылғы жылдың басты ерекшелігі — мемлекеттік қызметте мүлтіксіз еңбек етіп, ауданымыздың өркендеуіне зор үлес қосқан еңбек ардагерінің еліне абыройлы, алаңсыз қызмет етуіне ерекше қолдау көрсеткені үшін жұбайлары марапатталды. Мемлекеттік қызметте ұзақ уақыт жемісті еңбек еткені үшін аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Сәндігүл Өткелбаева, Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты Хасен Оралов пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Ақмарал Есбатыровалар алғысқа бөленсе, бір топ мемлекеттік қызметкераудандағы спорттық және мәдени көпшілік шараларға белсене қатысқаны үшін марапатталды. Көп бала тәрбиелеп өсіріп отырған мемлекеттік қызметші ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Артур Аманғосов та арнаулы сыйлыққа ие болса, әулеттің бірнеше адамы мемлекеттік қызметте жасайтын отбасы басшысы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Асылбек Наурызов та марапатталды. Мемлекеттік қызметке кірген белсенді жастар мен мемлекеттік қызметтегі үлгілі еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер де сый-сияпатқа бөленді.
Ал, ішкі істер органдарындағы үлгілі қызметі үшін аудан әкімінің алғыс хатына қазіргі саптағы қызметкерлермен қатар, еңбек ардагерлері де ие болса, Қазақстан Республикасының Полиция күні мерекесіне орай полиция қызметкерлерін кезекті арнаулы шені де осы бір салтанатты сәтте тапсырылды. өздерінің алғашқы мерекесі күні Ойыл аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Дастан Аман мен аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Алтынай Наурызова мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің антын қабылдаса, мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғасты.