ӘкімдікБасты тақырып

Жаңа саяси дәуірдің бастауы – Президент Құрылтай сайлауын тағайындады

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Ақорда сайты.

Құжатқа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына сайлауды ұйымдастыру тапсырылып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға сайлауды өткізуге қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық шараларды қамтамасыз ету міндеттелді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Related Articles

Back to top button