Басты тақырыпДенсаулық

Аудандық ауруханаға «Һyundai» маркалы реанимобиль көлігі берілді

Әлем елдерін дүрліктіріп, біздің елімізді де шарпыған індет кезінде дәрігерлердің мойнына ауыр жүк түскені баршаға мәлім. Қатаң режимдегі карантиндік шаралар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында бұл қиындықты да бастан өткердік. Қауіпті індет бізге дәрігерлердің тиімді жұмыс жасауы үшін материалдық-техникалық жағдай жақсы болуы керектігін үйретті.

Осы орайда еліміздің барлық аймақтарында денсаулық сақтау мекемелерінің базасын нығайтуға күш салынып жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында коронавирус пандемиясы барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналғанын ашық айтып, біздің мемлекетте ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс екенін жеткізді. Алдағы уақытта күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс жасап, мәселе туындағын кезде шұғыл қимылдамай алдын-ала шаралар қабылдау керектігін баса айтты. Осы бағытта аудандық ауруханаға жаңа «Hyundai» маркалы реанимобиль көлігі берілді. Аудандық аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаевтың айтуынша «Hyundai» маркалы реанимобиль көлігі «Astana Motors» фирмасынан алынған. Көліктің ішінде жасанды тыныс алдыру аппараты, яғни қажетті құрылғылардың бәрі бар екен. Әсіресе, аудан орталығынан қалаға науқастарды жеткізуге өте тиімді. Жол үстінде науқастың жағдайы нашарласа, дер кезінде көмек беруге болады.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар