БЮДЖЕТ ТОЛЫҒЫП, ӘКІМНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Өткен аптада аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдиннің төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары және БАҚ өкілі қатысты.
Халық қалаулылары алдымен өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың есебін тыңдап, Ойыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №301 «Ойыл ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешімінің ауданда орындалуы туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мәулен Төремұратовтың даяндамасын талқылады. Одан кейінгі күн тәртібіндегі мәселе — Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының орындалу барысы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Орынбасар Бегжанов баяндады.
Сондай-ақ сессия барысында Ойыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 294 «2026-2028 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізіліп, Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекітілді



