Жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСЫМЫ

Сот саласы қызметкерлерімен өз еліміздің батыр, ақын және елі үшін көптеген істер атқарған ата бабаларымызды келер ұрпаққа дәріптеу мақсатында игі шаралар атқарылып келеді. Атап айтқанда даңқты ата бабаларымызды дәріптеу мақсатында атқарылуға тиіс арнайы жоспар құрылып, бір қатар шаралар атқарылып әрі қарай аталған тақырыптар өз жалғасын табуда. Соның ішінде қазақ поэзиясында өзінің орнын алған Қасым Аманжоловты келер ұрпаққа дәріптеу болып отыр.

Атап айтқанда, 2026 жылы қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толды. Яғни, ақынның бай әдеби мұрасын дәріптеп, оның шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен танытуға мүмкіндік беретін маңызды белес

Қасым Аманжолов, қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Ақынның шығармашылық мұрасы – елдік пен ерлікті, Отанға деген сүйіспеншілік пен адамдық асыл қасиеттерді дәріптейтін рухани қазына.  Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда Қарағанды облысының Қарқаралы өңірінде дүниеге келіп, өзінің ерекше дарыны мен қайталанбас ақындық үні арқылы қазақ поэзиясында жаңа белес қалыптастыра білді. Яғни, ақынның «Өзім туралы», «Дариға, сол қыз», «Туған жер» секілді шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алды.

Сонымен қатар ақынның шығармашылығында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік тақырыбы ерекше орын алып, майдан кезін жүрегімен сезінген ақын жауынгерлердің қайсарлығын, туған жерге деген сағынышын және бейбіт өмірге деген үмітін жырлады.

Қасым Аманжоловтың өмір жолы мен шығармашылығы елге деген сүйіспеншіліктің, өнерге адалдықтың және қайсар мінездің үлгісі болып қала береді. Ол 1955 жылы дүниеден өтсе де, артында өшпес әдеби мұра қалдырды. Оның өлеңдері бүгінгі күні де оқырман жүрегіне жол тауып, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып келеді.

Қасым Аманжолов – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған, өлеңімен ел жүрегіне жол тапқан ұлы ақын. Оның жырлары уақыт өткен сайын жаңғырып, жаңа ұрпақтың рухани серігіне айнала береді. Ақынның жарқын бейнесі мен бай әдеби мұрасы халқымыздың жадында мәңгі сақталып, қазақ поэзиясының биік белестерінің бірі болып қала бермек.

Е. АЛТЫБАЕВ,

Ойыл аудандық соты әкімшісінің бас маманы-сот отырысының хатшысы.

Related Articles

Back to top button