Білім
Дәстүрлі байқау жүлдесі Нағима Елеухановаға бұйырды
Аудандағы тіл саясатын дамытуға бағытталған шаралардың бірі «Оралхан Бөкей – тіл шебері» атты байқау биыл да өз деңгейінде өткізілді. Ойыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен оқушылар арасында ұйымдастырылған шараға аудандық мектептерден 14-17 жас аралығында барлығы 11 оқушы оқушы қатысып өз өнерлерін ортаға салды.
Бірінің бағы шапса, енді бірінің баптары шауып, оқушылар бар дайындағын ортаға салып 3 турда сайысты. Байқау болған соң жеңімпазсыз болмасы анық. Байқауда барлығы 3 орын болса соның 3-ші орынын Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің оқушысы Нарғыз Нұрсұлтан иеленсе, 2-ші орын,а осы мектептің оқушысы Айсәуле Демеуова қол жеткізді. Ал, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназия оқушысы Нағима Елеуханова жеңімпаз атанды. Сонымен қатар барлық қатынасушыларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.