ӘлеуметБілім

Медет пен шәкірттері Республикада да жеңімпаз атанды

Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі КММ-сінде 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «Жас археолог» үйірмесі құрылып, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиямен біріккен түрде өз жұмысын атқарып келеді. Бұл үйірме оқушылардың білімін жетілдіріп, азаматтық-патриоттыққа, еліміздің өткен тарихын, мәдени құндылықтарын сақтай білуге және құрметтеуге үйретеді.

«Қасиетті Қазақстан географиясы» аясында Ойыл ауданының жас археологтары археология, туризм және өлкетану саласы бойынша теориялық білімдерін жетілдіре отырып, оқушылар практикалық сабақ  барысында ескерткіштерді табуды, сипаттауды және ғылыми бағытта қорғауды үйренді.

«Жас археолог» үйірмесінің оқушылары  алған білімдерін шыңдау мақсатында алғашқы қадамын өлке тарихын зерттеуден бастап, аудан деңгейінде өткен «Зерде» жобалық жарысқа қатысу барысында оқушылар ғылыми бағытта жобалар қорғауға бет бұрды.

2018 жылдың сәуір айындағы өткен Кіші Ғылым Академиясының Ақтөбе филиалы ұйымдастырған облыстық деңгейдегі 22-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясына  Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 6-7 класс оқушылары Саят Шакенов пен Ерасыл Оразбаев қатынасқан болатын. Осы ғылыми конференциясына Ойыл бекінісі мен Шиповский ауылының орналасуына қатысты жаңа материалдарды ұсынғаны үшін оқушылар І дәрежелі дипломмен марапатталды. Нәтижесінде Ақтау қаласында студенттер мен оқушыларға арналған ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жолдама алған болатын.

Аудандық музей қызметкері, тарихшы- археолог Медет Құлмұхановтың жетекшілігімен Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары, жас археологтарымыз Саят пен Ерасыл өз еңбектерін республика деңгейінде қорғап, онда да жеңімпаз атанды. Міне бұл Медет пен шәкірттерінің табанды еңбектерінің арқасында жеткен жетістігі.

Дулат ИСАБАЕВ,

аудандық музейдің экскурсия жетекшісі.

Басқа жаңалықтар