Рухани жаңғыру
«Мәңгілік елдің қаласы, ақтөбем-қазына даласы»
Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай, Руxани жаңғыру бағдарламасы аясында «Мәңгілік елдің қаласы, Ақтөбем-қазына даласы» жобасымен Ақтөбе қаласындағы бірнеше мектеп оқушылары өткен аптада Ойыл селосына экскурсияға келді. Экскурсия барысында жастар Ш.Бекмұxамбетова атындағы мектеп-гимназиясының тынысымен танысты. Экскурсия Ш.Берсиев атындағы өнер және өлкетану музейіне жалғасты. Жастарға «Құмсай, Сегізсай қорымы» көрмесі көсетіліп, әрмен қарай ауданымыздың тариxи байлықтарымен таныстырылды. Одан әрі экскурсия «Даңқ» саябағында жалғасып, ауданымыздан шыққан батырлар туралы Ш.Берсиев атындағы өнер және өлкетану музейінің қор сақтаушысы Медет Құлмұxанов баяндады. Кейін Ойыл аграрлық колледжі аумағында орналасқан Көкжар Жәрмеңкесі, Ойыл бекінісінде ХІХ ғасырда жұмыс істеген маусымдық сауда-саттық орынындағы тарихи ғимараттармен танысумен қатар, кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі Ойыл аграрлық колледжінің қазіргі заман талабына сай заманауи үлгідегі жабдықталған әкімшілік оқу ғимараттарымен, жатақханаларымен, мәжіліс және президенттік залдарымен, оқу дәрісханаларымен, зертханаларын аралап, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығына арналған шеберханада слесарлық-іс, техникалық қызмет көрсету, дөңгелек жөндеу, автокөлік жуу, газ-электрмен дәнекерлеу және машина -трактор жөндеу шеберханаларын аралап, «Ветеринария» мамандығына арналған клиникасын, фармокология, малдәрігерлік хирургия және т.б. орындарын аралаумен қатар, колледждің тыныс тіршілігімен толықтай танысты.