Спорт
Полицейлер ауданның чемпионы
Бүгін Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және аудан әкімінің жүлдесі аудан орталығындағы мекеме қызметкерлерінің арасында шағын футболдан өткен жарыс өз мәресіне жетті.
Айналымдық жүйе бойынша өткен жарыста текетірес соңғы турға дейін сақталды. Біреулері жеңіске ұмтылса, біреулері турнирлік кестеге қарап, есеппен ойнауға тырысты. Әрине, «әлі жеткен алып та жығады, шалып та жығады» — дегендей, Ішкі істер бөлімінің жігіттері ешкімнің ішкі есебіне мүмкіндік берген жоқ.
Сөйтіп, финалға бергісіз ойында Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияның жігіттеріне сан соқтырған полицейлер бас жүлдеге ие болды. Яғни, соңғы ойынның нәтижесі 3:1.
Жарыстың жабылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Асқар Қазыбаев жеңімпаздарды марапаттап, ауыспалы кубокты тапсырды. Сонымен қатар, жарыстың үздіктері де марапаттан құр қалған жоқ.