Спорт

ЖЕҢІСКЕ АРНАЛҒАН ЖЕҢІСТЕР

Өткен демалыс күні Ойыл ауылындағы Б. Бақаев көшесінде орналасқан шағын футбол алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай, 2001 жылғы туған азаматтардың ұйымдастыруымен түлектер арасында «Түлектер кубогі» шағын футболдан аудандық турнирі өткізілді.
Турнирдің ашылу салтанатына спорт ардагері Дәулетқалиев Құнанбай Тұрарұлы, аудан әкімі Асқар Қазыбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Турнирге 8 команда қатысып, ақтық ойын көрермендердің көңілінен шығып, тартысты өтті. Турнир нәтижесінде I орынға 2018 жылғы түлектер, II орынға 2012 жылғы түлектер, III орынға 2016 жылғы түлектер ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтамалар, медальдар, кубок және турнирдің үздік ойыншыларына арнайы сыйлықтар табысталды.
Бұл турнир тек спорттық сайыс қана емес, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлар рухына тағзым мен ел ішіндегі бірлік пен достықты нығайтатын үлкен шара болды. Қатысушылар мен көрермендер ұйымдастырушыларға алғыс айтып, мұндай бастамалардың жалғасын табуын тіледі. Өткен демалыс күні Ойыл ауылындағы Б. Бақаев көшесінде орналасқан шағын футбол алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай, 2001 жылғы туған азаматтардың ұйымдастыруымен түлектер арасында «Түлектер кубогі» шағын футболдан аудандық турнирі өткізілді.
Турнирдің ашылу салтанатына спорт ардагері Дәулетқалиев Құнанбай Тұрарұлы, аудан әкімі Асқар Қазыбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Турнирге 8 команда қатысып, ақтық ойын көрермендердің көңілінен шығып, тартысты өтті. Турнир нәтижесінде I орынға 2018 жылғы түлектер, II орынға 2012 жылғы түлектер, III орынға 2016 жылғы түлектер ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтамалар, медальдар, кубок және турнирдің үздік ойыншыларына арнайы сыйлықтар табысталды.
Бұл турнир тек спорттық сайыс қана емес, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлар рухына тағзым мен ел ішіндегі бірлік пен достықты нығайтатын үлкен шара болды. Қатысушылар мен көрермендер ұйымдастырушыларға алғыс айтып, мұндай бастамалардың жалғасын табуын тіледі.

Related Articles

Back to top button