Әлеумет

Ант – жұмыстар жалғаса береді

ӨТКЕН АПТАДА АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ БАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТІМІЗ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАҒАН «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІ» АТТЫ ЖОЛДАУЫН КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ОЙЫЛ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ БОЛЫП, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН ЖӘНЕ ЖАС МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

Кездесу барысында колледж директоры Серік Займолдин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдап отырған Жолдауы өзі басқарып отырған ұжымда кеңінен насихатталып, білім, спорт, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салалары бойынша еңбектеніп жатқандығын жеткізді. Оған қоса жоғары білімі бар жастар туған жерге тұрақтап қалса, яғни тұрақтылық болған жерде өркендеу болады деген нық сенім білдірді. Ал, ақпараттық-насихаттық топтың жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев ауданда атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқтала отырып, Жолдауда баса айтылған кәсіпкерлікті кеңейту, ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамыту, ұстаздар мәртебесін арттыру, зейнетақы жинағы бойынша тоқталып өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосов алдымен елдің тыныштығын тілей отырып, Жолдауға қолдау білдіріп еліміздің дамуы жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Сонымен қатар Жолдауда айтылған білім, мәдениет, спорт, денсаулық, кәсіпкерлік, әлеуметтік салалары аясында қозғалған негізгі тапсырмалар мен орындалуы тиіс іс-шаралар бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар