ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ТАЛАП ҚОЮДЫҢ ТӘРТІБІ БАР!
ОЙЫЛ АУДАНЫНДА БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ҮШІН АРНАЙЫ ОРЫНДАРДЫ, ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІН, ОЛАРДЫҢ ШЕКТІ ТОЛУ НОРМАЛАРЫН, СОНДАЙ-АҚ БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ҮШІН АРНАЙЫ ОРЫНДАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ, ПИКЕТТЕУДІ ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ІРГЕЛЕС АУМАҚТАРДЫҢ ШЕКАРАЛАРЫН АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 3 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 448 ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС,
Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу
нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын
талаптары:
1.Жиналыстар, митингілер,пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын «Даңқ» саябағы
(Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Б. Жолмырзаев көшесі №46А) белгіленген. Жасанды жарықтандыру; электр энергиясын қосуға арналған нүкте; бейнебақылау және бейнетіркеу камералары; санитарлық
нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық (қоқыс үшін жәшіктері); арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары секілді материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамтылған. Шекті толу нормасы – 200
адамнан артық емес.
2.Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын — Желтоқсан көшесінен бастап, И. Құрманов көшесі бойымен, Б. Жолмырзаев көшесіне дейін көрсетілген. Маршруттың ұзақтығы 1,3
километрді құрайды. Материалдық -техникалық жабдықтау бойынша: көше жарықтандырылған; бейнебақылау және бейнетіркеу камералары; санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық (қоқыс үшін жәшіктері); арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және
медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары қарастырылған. Шекті толу нормасы – 200 адамнан артық емес. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін
арнайы орындарды пайдалану тәртібі
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланудың осы тәртібі (бұдан әрі — Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы (әрі қарай — Заң) негізінде әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Ойыл ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды. Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда — сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария ісшаралар өткізіледі. Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады. Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс
жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс- қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды. Осы Тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сәйкес реттеледі. Ойыл ауданындағы пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары; Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан
500 метр қашықтықта өткізуге: 1) жаппай жерлеу орындарында;
2) су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс
желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым
салынады.