Әлеумет
Бексұлтанның биігі – патриоттық тәрбиенің жемісі
Жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру-бүгінгі күнгі өзекті мәселе. Себебі жастар-еліміздің болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі егесі.
Осы орайда аудан мектептері облыс көлемінде әскери-патриоттық сайыстардан жүлделі орындардан көрініп жүр.
Жуырда мектеп оқушылары арасында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынына аудан намысын қорғау үшін Ақшатау орта мектебі мен Саға мектеп-балабақшасының 11-сынып оқушыларынан құралған команда қатысты.
Онда әр ауданнан жиналған оқушылар саптардың және әндердің көрінісі, атыс даярлығы, «АК-74» қаруын бөлшектеп бұзу және жинау, кермеге тартылу және әскери кросстан жарысты. Сайыс нәтижесінде, І орынға М.Құсайынов атындағы АОМДБАМИ командасы ие болса, ІІ орынға Ойыл ауданының командасы, ІІІ орынға Қарғалы ауданының өрендері ие болды. Аудан намысын қорғаған командамыз кубокпен және дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, 22-23 қараша күндері облыстық «САРДАР» кешенді олимпиадасына ауданнан үздік шыққан Ақшатау орта мектебінің 3 оқушысы қатысты. Олар кешенді тестілеуден өтіп және «АК-74» қаруын бөлшектеп, бұзу және жинау, саптық даярлық, , әскери кросс түрлерінен сайысқа түсті. Нәтижесінде Ақшатау орта мектебінің 11-сынып оқушысы Бексұлтан Кәрім ІІІ орынға ие болды. Ал оның әскери жетекшісі Ерлан Мерғалиев облыстық қорғаныс істері департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.
А.Құлмурзин,
Ақшатау орта мектебінің дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі.