Білім
Ой-доданың жеңімпазы ойылдық
Жуырда ғана Қазақстан Респу-бликасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтің беделін арт-тыру және моральдық-әдептік құнды-лықтарды ілгерілету мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында Республика деңгейінде «Елге қызмет ету - мінезден» тақырыбында ой додасы өткізілген болатын.
Ой доданы ұйымдастыру және оның жеңімпазын анықтау үшін Пар-ламент депутаттары мен қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері арасынан конкурстық комиссия жеңімпаздарды анықтады. Облыста өткен ой-дода-сынан жүлделі І орынды еншілеген Ойыл аудандық білім, дене шынық-тыру және спорт бөлімінің бас мама-ны Гүлзат Жеткергенқызы Нұр-Сұл-тан қаласындағы республикалық байқауға жолдама алған еді. Респу-блика бойынша 200 мемлекеттік қызметші қатысып бақтарын сына-ған «Елге қызмет ету — мінезден» атты ой дода республикалық бай-қауында ұшқыр ойымен терең білімі-мен көзге түсіп, еңбегінің жемісі еселенген Гүлзат Жеткергенқызы І орынды иеленіп, ауданымызбен қа-тар облысымызға да үлкен қуаныш сыйлады.
Байқау мемлекеттік қызметкерлер арасында моральдық-этикалық құн-дылықтарды насихаттауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, мемлекеттік қызметші-лердің өз еліне адал қызмет етуін, мемлекеттік қызметшілер мен аза-маттар арасындағы қатынастар жүйесіне, мемлекеттік қызметші-лердің жұмысына жауапкершілікпен қарауды күшейтуге, кәсіби мемле-кеттік аппаратты қалыптастыруға, патриоттық сезімді арттыруға бағыт-талған болатын. Бұл байқауға қазы-лық еткен Агенттік төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Qazaqstan теле-ар-насының бас редакторы Серікзат Дүйсенғазы және «Мемлекет, банк және мемлекеттік қызметшілер кә-сіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Жақыпов «Мем-лекеттік қызметшілердің халық игілігі үшін жемісті қызметінсіз елімізде жетістік пен өркендеуге қол жеткізу мүмкін емес. Арамызда осындай жаңа идеяларды іс жүзінде қолдана білетін үлгілі мемлекеттік қызметкерлер барына қуанамын» — деген пікірін қуанышпен жеткізген. Ендеше мемлекеттік қызметін адал атқарып, аудан мәртебесін асқақ-татқан Гүлзат Жеткергенқызын бар-ша жерлестерінің атынан құттық-таймыз! Жарайсың, Гүлзат!
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.