Білім

Тіл мәртебесін тірегі

Жазушы, драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты- Оралхан Бөкей шығармалары Алтай тауының шыңындай асқақ  екені көзі тірісінде-ақ мойындалған. Сөзден өрім өре отырып, қазағының  қанталаған жеріне шипа іздеген жазушының бар кейіпкері- шынайы тұлғалар. Қапыда үзілген қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің  классикалық үлгілері қатарына қосылған небір тамашы туындылар қалдырып кеткен Оралхан Бөкей есімі бүгінде иісі қазақ қастер тұтар киелі есімдердің біріне айналды. Бүтін бір ұрпақтың сүйікті жазушысына айналған, Қазақстан жастар одағы мен мемлекеттік сыйлықтарының иегері атанған үлкен суреткердің шығармашылық мұрасын осынау баға жетпес қазына байлықты бірден-бір тікелей мұрагері келер ұрпаққа тапсыру алдағы күннің емес, дәл бүгінгі күннің парызы. Оралхан Бөкей рухы туған халқы, туған табиғатымен бірге жасай бергенін тілейміз.

Жуырда Ойыл аудандық балалар кітапханасында «Оралхан Бөкей — тіл шебері» атты аудандық байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты-Ммемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеру мен көркем әдебиетті насихаттауды көздеген байқауға аудан мектептерінен 14-17 жас аралығындағы алты талапкер қатысты. Нәтижесінде Жангүл Какиева 1-орынға,  Құттығай Жанерке 2-орынға, Эленора Ахметжанова жүлделі 3-орынға ие болды.

Әсел СИСЕНОВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар