Әлеумет

«Шын жүректен мың алғыс»

ОСЫДАН ТУРА 4 ЖЫЛ БҰРЫН ТҰҢҒЫШ ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІН, ЯҒНИ 1 НАУРЫЗДЫ «АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ» ЕТІП ЖАРИЯЛАДЫ.

Сол уақыттан бері көктемнің алғашқы күнінде алғыс айту күні тойланып келеді. Біздің ауданымыз биыл да алғыс айту күнін ауқымды түрде тойланды. «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында «Шын жүректен мың алғыс» атты мәдени-көпшілік шара өткізілді. Онда алдымен өзге ұлт өкілдерінің береке бірлікте ынтымағы жарасып өмір сүріп жатқан қазақ жұртына білдірген алғыстары бейнеролик арқылы көрсетілді. Одан кейін Үлгілі «Әсем» би ансамблі «Достық» биімен көрермендердің ыстық қошеметке бөленді. Келесі ретте барша жиылған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев аудандағы ұлтаралық келісімді насихаттау мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін бірқатар әр салада қызмет ететін қызметкерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары «Алғыс», «Рақмет», «Жақсы адам», «Мың алғыс саған ұстазым», «Бірлігіміз жарасқан, көз тимесін еліме!» атты ән шашуларын тарту етсе, «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығы жанынан құрылған достық клубы мерекелік құттықтауларын жолдап, қазақтың ұлы ақыны  Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар