Әлеумет
Анаға құрмет
Биыл еліміз жыл сайын дәстүрлі түрде тойланатын әйелдер мерекесін тыныштықпен қарсы алды. Әйтсе де ауданның атқамінерлері анаға деген құрметті ұмытпады. Аудан басшының өзі мерекеге орай жарқын қабылдау өткізіп ғана қоймады. Аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосов, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тыныштыбай Шалабаев бастаған топ аудан орталығындағы батыр аналар мен тыл еңбеккерлеріне, ерекше нәзік жандыларға арнайы барып құттықтады. Ашық дидарласып, хал-жағдайларын сұрады. Мерекелік тілектерін білдіре барған топқа аналар алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.