Денсаулық
Дәрігерлердің еңбегі еленді
Коронавирус инфекциясы біздің өңірімізде де тіркелген тұста, ең үлкен салмақ ақ халаттылларға түскені бәріне мәлім. Коронавирус пандемиясы кезінде қауіпті індетпен күресте өз тағдырларын қатерге тігіп, өзгенің өмірін арашалап жүрген дәрігерлердің еңбегі еленді.
Дәлірек айтсақ, дәрігерлерге жалақыларынан бөлек, үстемақы төленді. Қосымша үстеме ақының ең жоғары мөлшері 500-600 мың теңгені құрайды. Мұндай сыйақыға қауіп деңгейі бойынша аудандық аурухананың 193 қызметкері ие болды. 5 қызметкер 2 миллион теңгеден әлеуметтік төлем алды. Жалпы аудандық ауруханаға 25 миллион 531 мың теңге үстеме ақы бөлінген.
Өз тілшіміз.