Әкімдік

Комиссия отырысы келер жылдың бюджетін талқылады

СӘРСЕНБІ КҮНІ ОЙЫЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ, БЮДЖЕТ, ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ САЛА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Аталған мәселелер бойынша тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық бөлімдер басшылары қатысты. Күн тәртібінде көптеген мәселелер қозғалып, талқыланды. Онда алдымен аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қайнарбай Ұлықпанов «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешім жобасы бойынша баяндама жасады.
Келесі кезекте аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Меруенов сала бойынша атқарылған жұмыстар мен жұмсалған қаржының тиімді игеріп жатқандығын жеткізсе, Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Майланов осы жылдың бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы барысын баяндады.

Басқа жаңалықтар