ӘкімдікБасты тақырып
Мал азығы Мәселе мен мәміле
Бала өмір қызығы. Сәбидің былдырлаған үні әрбір шаңыраққа бақыт, қуаныш әкеледі. Жақсы ұрпақ тәрбиелеу - ертеңгі болашағымыздың кепілі. Балаларды қорғау, аялау, жақсы көру - бар адамзаттың міндеті.
Ауданды емес, облысты түгел қамтуға әлеуеті жететін Ойыл үшін мал азығы мәселе болады деп ешкім ойламаса керек. Соңғы жылдары өзімізді қойып, Атырау мен Маңғыстауды «асырап» келдік. Оның басты себебі Ойылда қыс болмай жүрді. Сосын шөптің бағасына да бас қатырған жоқпыз. Екі айлық шөп жинасақ, жеткілікті болды. Бірақ, биыл «кәрі құда» басқаша соқты. Ақпанның ортасында нағыз қаһарына мінді. Біз абдырап қалдық. Біраз шығын да болды…
Сәуірге дейін созылған қыс биыл «Қыстың қамын жазда ойла» деген қағиданы ертерек ескеруге итермелеп отыр. Сондықтан, өткен аптада аудан әкімі Асқар Қазыбаев Ойыл селосын мал азығымен қамтамасыз ететін шаруашылық жетекшілері және село тұрғындарымен кеңес өткізді. Басты мәселе — мал азығының бағасы. Әрине, соған сай сапасы. Алайда, бізде көп жағдайда баға мен сапаның арасы алшақ болады. Бұл тұрғындардың талабы түсінікті десек те, шаруашылықтардың да айтар уәжі аз емес. Мал азығын дайындауға қажетті жабдықтардың қымбаттағанын да түсінеміз. Рас, көрші облыстардан қысы-жазы сұраныс тағы бар. Солардан сұранысын орындау үшін шөптің бағасын шарықтатып көтергісі келіп отырғандар да бар. Аудан әкімі шөптің бағасы туралы өзінің ойын айтты. Оны қолдаған шаруашылықтар да аз емес. Демек, мәселені шешуде ортақ мәмілеге келуіміз керек.
С.ХАМЗИН,
Ойыл селосы.