Әлеумет

Қайырымды жастардың қолдауы

Қайырымдылық жасау үшін жеке адамнан бай болуы талап етілмейтіні анық. Адам өз ұрпағына жастайынан қайырымдылыққа үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Ата-бабаларымыз ертеректен бастап қазақ халқының батырлығымен қоса жомарттығын танытқан. Ұлтымыздың Ұлы ұрпағы да ата-дәстүрден шет қалмай, тұрмысы нашар отбасыларын, жетім-жесірді, талантты балаларды қорғап қолдаса екен дейміз. Қазіргі кезде көптеген адамдар жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру екені рас. Осындай сәтте жүрегі мейірімге толы Айдана Табынбаева «Рақым» қайырымдылық қорын 2020 жылғы мамыр айында құрды.

Айдана жанына ынталы, табанды жастарды жинай бастады. Осы күнге дейін атқарған жұмыстары бір төбе. Республика,облыс, аудан көлеміне қордың жұмысын таныта білді. Биылғы Ораза айында қордың жастары көптің қолдауымен аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жанұяларға «азық-түлік пакетін» таратты. Сондай – ақ, 1 – ші маусым балалар күніне орай Ақтөбе қаласында балаларға арналған Юрта парк алаңына аудан басынан аз қамтылған,жетім, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отбасыларының балаларын апарып, ойнатып әкелуді ұйымдастырды. Біздің мақсат бұл арада біреуді мүсіркеу емес сәл болсада жанына жылулық сыйлап, көңілін көтеру. Таудай армандарын орындай алмасақта, сол арманға жетулері үшін жол бастап беру.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа – тұс келген біздің қорға биыл бір жыл толды.  «Даңқ» саябағында бір жылдық  есеп беру кешімізді өткізіп, қайырымдылық шарадан қол үзбей демеу көрсетіп жүрген азаматтарды марапаттап, арты концерттік бағдарламамен ұласты. Осы бір жылдың ішінде 813 мың теңге қаражатқа 174 отбасына көмек көрсетілген. Бұл әрине демеушілеріміз бен аудан тұрғындарының көмегінің арқасында мұқтаж отбасыларға көрсеткен көмегіміздің бір парағы. Қор жұмысы осымен тоқтамай әрі қарайда өз жұмысын жалғастыра бермек. Айдананың дүниеге әкелген «Рақымына» кәзіргі уақытта Темірболат Шәутенов жетекшілік етіп жүр.
Бізде өз кезегімізде қорымыздың негізгі жетекшісі Айданаға басқа ауданға тұрмысқа шығуына орай  алдағы өміріне сәттілік тілейміз.

Ғалымжан ЖҰБАНОВ,
«Рақым» қайырымдылық қорының мүшесі.

Басқа жаңалықтар