ӘлеуметБасты тақырып

ТАРИХ ҚОРЖЫНЫНДАҒЫ — АУҒАН ТАҒДЫРЫ

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 34 жыл толды. Осыған орай «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығы мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тарих қоржынындағы — Ауған тағдыры» атты ауған соғысының ардагерімен STAND-UP кездесу өтті. Онда алдымен көпшілік назарына Ауған соғысының суық лебі ескен Ауған даласы жайлы бейнебаян көрсетіліп, бабалар ерлігінен кеудемізге кернеген рух ұялады. Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Атағалиев жүргізген кеште ажал оғының қақ ортасынан аман-сау елге оралған Ауған соғысының ардагері Ермек Сұлтанов зұлмат жылдардан, соғыстың ауыртпалығынан асықпай, салмақты сөздерімен сыр шертті.
Кейінгі ұрпақты елдің, жердің байлығын өзіміз игеру жолында аянбай тер төгуге, жата беруге болмайтынын байсалды үнімен отансүйгіштікке үндеп, қазақ жастарын үздіксіз оқып, білім алуға, білікті маман болуға шақырды.
Кеш кезінде аудан өнерпаздары патриоттық әндерін тарту етсе, оқушылар әскери-спорттық жаттығулар көрсетті. Кеш соңында ауған соғысының ардагеріне естелік сыйлық, Алғыс хат табысталды.
Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар