Әлеумет

Әлішердің алғашқы дауыс беруі

Әлішер — Ойылдағы іргелі әулет – Бақтыгереевтер отбасының бір мүшесі. 18-ге осы қыста толды. Алғаш рет дауыс беруге өзі тіркелген №391 референдум учаскесіне келіп тұрғанда кездестірдік. Арнаулы сыйлыққа ие болған жас сайлаушының біз пікірін сұрадық.

  • Осы қоғамның мүшесі ретінде мен мемлекетте болып жатқан өзгеріске бей-жай қарай алмаймын. Қазақстанның болашағы біздің белсенділігімізге байланысты. Елімнің кәдесіне «бір кірпіш» болып қалану үшін бүгін өз таңдауымды жасадым. Бұл «Жаңа Қазақстанды» құруға атсалысудағы алғашқы қадамым деп ойлаймын.

С.ҚОЙБАҒАРОВ.

Басқа жаңалықтар