Әлеумет
Ақжарлықтардың арманы орындалды ауыз су құбыры іске қосылды
Аудан орталығынан шалғай жатқан Қайыңды ауылдық округіндегі шешілмей келе жатқан түйткілдердің бірі таза су еді. Ел тілегін ескерусіз қалдырмаған өңірдің атқамінер азаматтары бұл іске үлкен қолдау көрсетіп, күрмеулі мәселені шешуге күш салды.
Міне бір жылдан сәл асатын уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқарылып, ақжарлықтардың көптен күткен арманы орындалды. Нақтырақ айт-сақ, құны 338 миллион 240 мың теңге болатын Қайыңды ауылдық округінде ауыз су құбырының жұмысы толық-тай аяқталып, тұрғындарға пайдала-нуға берілді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында орталықтандырылған ауыз су құбыры салтанатты түрде ашылды. Алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Асылан Кенжебаев барша ақжарлықтарды қуаныштарымен құттықтай отырып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақты-лығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жол-дауында баса айтылған өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жұмыс-тары аясында елді мекендерде кешенді жұмыстар тоқтамайтынды-ғын ашып айтты. Еңбек ардагері Сабырғали Аққожин ел игілігі үшін, ауылды өркендету жолында жасал-ған игі істерге ауылдастарының атынан ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Ауыз су құбыры нысанының лентасын Ақжар ауыл-дық «Шағатай» мешітінің бас имамы Қайырғали Алманов пен «Аймар-СтройСервис» ЖШС-нің басшысы Думан Жалғасбаев қиды. Нысанның техникалық сипаттамасына тоқтал-сақ, құбырдың ұзындығы 12 шақы-рым. Су жинайтын резервуар сыйымдылығы 150 текше метрден екі дана. Электр желілерінің ұзын-дығы 3 шақырым. Ауылда таза ауыз су қазір қырыққа жуық үйді қамтып тұр. Бүгінге дейін ауыз су мәселесінің «жырға» айналып тұрған кезінде әрбір үй ұңғымалы құдық қаздырып, соның суын тұтынып келді. Сондықтан таза суды тартуға асығар емес. Алайда ауыл тұрғындары жер ананың тайыз қабатынан шығатын тазартылатын сүзгіден өтпеген суды ішіп отыр. Мұндай су адам денсаулығына зиян. Сондықтан тұрғындар бірнеше сүзгіден өтіп тазартылған таза суды тұтынғандары абзал. Тағы бір айта кететін жайттың бірі бұл ауылдан көшіп кеткендердің қатары көп болғанымен ақжарлықтар алдағы уақытта көгілдір отыннан да үмітті. Егер ауылға көгілдір отын келсе, қалаға қарай ағылған халық тұрғы-лықты туған жерде тұрақталып қаларына сенімді.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл-Қайыңды-Ойыл.