Әлеумет
БАЛАЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕГЕН МЕРЕКЕ
Жаз маусымының алғашқы күні, яғни 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық саябақта Ойыл ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Өлкенің гүл жайнаған балалары» мерекелік шарасы өтті. Шара шымылдығы Балдырған бөбекжай бақшасының «Әлем сенімен ғажайып!» атты қойылымымен ашылды. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев мерекемен құттықтап, Республикадан облыстан, білім, спорт, өнер саласынан жүлделі орын алып жүрген таланатты жастар мен дарынды оқушыларды марапаттады.
Сондай-ақ,шара барысында қызықты репертуарлар, театрландырылған көріністер, әртүрлі аспаптарда музыкалық композициялар орындалды. Ал балғындар мұның барлығын біркелкі ерекше үйлесімде орындап шықты. Мұның бәрі балалар мерекесінде есте қаларлық және ұмтылмас сәттердің біріне айналғаны анық. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара барысында кәсіпкерлер Жеңіс Займолдин, Дархан Айдаров, Өркен Ақеділов, Темірбек Жауынбаев, Күлжамал Әліп, Данияр Раушановтар өз үлестерін қосып, балаларға көтеңкі көңіл-күй сыйлады. «Тәтті балмұздақ» акциясымен балғын бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратылды. Сонымен қатар, тас жолға сурет салу, спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаз бүлдіршіндер марапатталып, сыйлықтар табысталды.