Басты тақырып
Зорлық –зомбылық көрген әйелдер қайда жүгінеді?
ҚР Конституциясының 1-бабында «мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен босандықтары» — деп көрсетілгендей, қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығының бұзылуының бірі — әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың орын алуы.
Зорлық-зомбылық — бұл әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді. Осыған орай, аудан тұрғындары назарына — қандайда бір тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол беріп, адамның денсаулығына қасақана зиян келтірген және моральдық- психологиялық қысым көрсеткен, жалпы құқығын шектеген азаматтар қылмыс құрамына қарай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарымен жауапкершілікке тартылатындығын ескерткім келеді.
Отбасы тұрмыстық қатынастар аясында зорлық-зомбылық көрген көрген, не осындай жағдайға куә болған азаматшалар назарына:
Ойыл аудандық полиция бөлімінің сенім телефондарын ұсынамыз —
102; 2-18-98.
Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған аналар, қыз-келіншектер төмендегідей жазылған нөмірлерге хабарласып, құқықтық және психологиялық кеңес алуға болады: «Аналар үйі» 8-701-140-49-37; «Малика» дағдарыс орталығы 8-701-169-21-00; «Дәріс» орталығы: 8-705-820-09-33.
Сондай-ақ, ҚР бойынша ана мен баланың құқықтарын қорғайтын, қиын жағдайға тап болған қыз келіншектерге көмек беретін 150 және 111 сенім телефондары бар екендігін жеткіземіз.
Айбибі Құспанқызы,
Ойыл ауданы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты.