ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпБілімДенсаулықМәдениетРухани жаңғыруЭкономика

ТІЛЕК ПЕН ҮМІТ ҮНДЕСІП…

Осы аптада аудан әкімі Асқар Қазыбаев Саралжын ауылдық округіне қарасты Қоңырат, Бестамақ, Ақкемер, Шиқұдық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталған аудан әкімі тазалық жұмыстарына назар аударып, ауыл тұрғындарының мал азығы қорын жасақтауына көңіл бөлді.
Сонымен қатар ауыл шаруашылық техникаларын жеңілдікпен алу жолдарын түсіндіріп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы мемлекеттің қолдау-көмектерін тиімді пайдалануға шақырды. Тұрғындар тарапынан былтыр көтерілген мәселелер бойынша атқарылған ауқымды жұмыстар баяндалды. Ауыз су, жолдарды жөндеу, жарық, байланыс пен білім, денсаулық сақтау, əлеуметтік салаларда атқарылған істерді тізбектей жеткізген аудан əкімі кейбір түйткілді проблемалардың мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шешіліп отырғанын да айта кетті. Ауылдың тазалығымен қатар ауыл халқының табиғи өсіміне де серпіліс қажеттігін баса айтты.
Бестамақ тұрғындары ұялы байланыс пен жол мәселесін қозғады. Аудан әкімі қос елді мекеннің ортасына желілік қондырғыны орнату туралы ұсыныс жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл халықтың санымен де байланысты. Ал Ақкемерде балабақшаның жағдайы ауыл тұрғындарын алаңдатады. Көктем-жаз айларында бала қабылдағанымен, қысты күні балабақша жағдайы мәз емес. Осы мәселені шешіп беруін сұрады.
Биыл Шиқұдыққа ауыл балаларына арналып, заманауи үлгідегі жасанды төсенішті шағын футбол алаңы салынды. Сонымен қатар тұрғындар жарылған бетон — бағаналардың қаупін де жеткізді.
Көшелерді жарықтандыру, клубтың көрермен орындықтарын жаңалау бойынша мәселе шешімін табатынын айтты. Ал, газдандыру, жолды жөндеу жұмыстары келер күннің еншісінде қалды. Әйтсе де толғақты мәселелер қашанда аудан әкімінің бақылауында болады. Аудан әкімінің кезекті есеп беру жиынының соңында тұрғындардың жекелеген сұрақтары бойынша сала басшылары қоғамдық қабылдау өткізді.
P.S. Саралжын ауылдық округінде ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының мақсатын түсіндіріп өтті.
Г.АБАЙҚЫЗЫ,
Ойыл-Бестамақ-Ақкемер-Кемер-Шиқұдық-Ойыл.

Басқа жаңалықтар