ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпБілімДенсаулықМәдениетРухани жаңғыруСұхбатЭкономика
Арнаулы комиссия
көшпелі кеңес өткізіп, 31 қызмет көрсетті
Еңбек Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама басқармасы (МӘС) көшпелі отырыстар кестесіне сәйкес Ойыл ауданында көшпелі отырыс өткізіп, үш күн Ойыл аудандық ауруханасының базасында 31 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Алдымен мамандарға арналып семинар-кеңес өткізіліп, онда Ойыл ауданының 2022 жылға арналған «Ересектер мен балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің өзекті мәселелері», сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері талқыланды.
2021 жылғы 15 қарашадан бастап мемлекеттік қызмет электрондық форматта пилоттық жобада көрсетіледі.Ттиісінше медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды сапалы деңгейде ресімделіп, яғни тексеру кезінде науқастың шынайы объективті жағдайы, бір айдан кешіктірмей мамандардың тексеру нәтижелері мен оңалту шараларының жоспары толтырылып, клиникалық диагнозда негізгі және қатар жүретін патологияның барлық асқынулары көрсетілуі тиіс.
Ал, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтардың кейбiр санаттарын әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2021 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 12 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтардың кейбiр санаттарын әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілді. Заң 2021 жылдың 24 қазанында күшіне енді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Зейнетақы жүйесін дамыту» Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 77 бұйрығымен «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Ойыл ауданына сапары барысында №3 МӘС бөлімі 2021 жылдан бері тірек-қозғалыс аппаратында ақауы бар мүгедек балаларға қызмет көрсететін «Ойыл ауданындағы мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің жұмысымен танысты.