ӘкімдікБасты тақырып
Семинар- сайлауға дайындықты пысықтады
«Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні жақындаған сайын дайындық жұмыстары күшейді. Сайлаушылардың тікелей дауыс беруін жүзеге асыратын учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар-тренингтер өткізіліп жатыр.
Өткен аптада ауданға арнайы іссапармен келген Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында аудандағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесіп, семинар өткізді.
Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының сайлау комиссияларының мүшелері және сайлау процесінің басқа да қатысушыларына «Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқау туралы», «Сайлау күні», «Сайлау учаскесіндегі дауыс беру және оның аяқталуы» тақырыбында арнаулы слайдтар арқылы дәріс оқыды. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Мейірханұлы сайлау науқанын жүргізудегі ағымдағы жағдай, дауыс беру күнгі сайлау комиссиялары мүшелерінің әрекеті туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сүйене отырып сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері туралы түсінік берді. Сондай-ақ, сайлау комиссияларының дайындық кезеңіндегі, тікелей дауыс беру күніндегі қызметінің мәселелеріне нақты тоқталды. Сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби әрекеттеріне ерекше назар аударған ол, комиссия мүшелерін сайлау туралы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Семинар жұмысы сайлау науқанының негізгі кезеңдерін өткізу барысы, сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша сайлау комиссияларының өкілеттіктері, сайлау туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету бойынша да кездесуі ықтимал сәттерден тұратын тренингпен жалғасса, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Мейірханұлы Ойыл ауданындағы жұмыс сапарын сайлау учаскелерінің жұмысымен танысумен аяқтады.
Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл селосы.