ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Осы бір тарихи сәт кезінде үлкен жауапкершілік танытып, азаматтық позициямызды білдіру — әрбіріміздің міндетіміз. Себебі мәңгілік елдің материалдық тұғыры — өрісті экономикасы болса, рухани тұғыры — тарихы, мәдениеті және өнері. Қай елдің мәдениеті мықты болса, сол елдің еңсесі биік, рухы жоғары.
Халықтың рухани жаңғыруы, ұлт тарихының, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерімізді сақтап, олардың насихатталуы мәдениет саласындағы жұмыстардың дұрыс жолға қойылуымен тікелей байланысты.
ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттағалы күллі әлем жұртшылығына жаһанданудың ғаламдық ықпалы өз талаптарын қоя бастаған қазіргі кезеңде әр мемлекет өзінің саяси, тарихи-мәдени, ұлттық ерекшеліктері мен дербестігін және оның болашағын қалай сақтап, қалайша дамытуы керек? Міне, осы сипаттағы сансыз сауалға еліміздегі Президент сайлауы қоғамның қай саласына да оңды ықпал етіп, жаңаша ойлау мен тың ізденістер әкелетіні сөзсіз.
Президенттікке үміткер азаматтардың да алға қойған мақсаты—елдің жарқын болашағы. Сондықтан ел болашағы үшін маңызды саяси науқан Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға белсене қатысуға шақырамын!
Гүлнар Сейталина, Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары.